Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті "Туризм, бастапқы әскери дайындық, дене мәдениеті және спорт"» кафедрасы

"Туризм, бастапқы әскери дайындық, дене мәдениеті және спорт"» кафедрасы 2013 жылы құрылған. Кафедра меңгерушісі экономика мамандығы бойынша PhD докторы Абишева Гүлмира Олжабековна болып табылады.1.jpg

            "Туризм", "Бастапқы әскери дайындық", "Дене мәдениеті  және спорт" мамандықтары бойынша білім берудің келесі деңгейлеріне дайындық жүргізіледі: бакалавриат, магистратура ("Туризм"мамандығы бойынша).

Кафедра жұмысының мақсаттары:

  • Тұтынушылардың талаптары мен күту нәтижелеріне  сәйкес инновациялық және ақпараттық технологиялар негізінде білім беру қызметінің сапасын арттыру;
  •  Жоғары білікті кадрларды даярлау үшін оқытудың теориялық және әдістемелік деңгейін жетілдіру;
  • Студенттің жекелігін   және жеке тұлғасын қалыптастыру және ашу, кәсіби тұрғыдан  өзін-өзі анықтау.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Біліктілікті арттыру жүйесі арқылы оқытушылардың теориялық-әдіснамалық және практикалық білімін арттыру;
  • Оқытудың әдістемелік деңгейін арттыру, оқытудың интерактивті әдістері мен инновациялық технологияларын белсенді қолдану;
  •  Ғылыми-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысу, студенттерді СҒЗЖ-ға кеңінен тарту, ғылыми студенттік үйірме жұмысын жандандыру;
  • Студенттік клубтардың жұмысы арқылы студенттердің бойында әлемдік саяси, әлеуметтік, экономикалық үдерістерді, Қазақстанның әлемдік тарихи үрдістегі орнын және қазақстандық патриотизм санасын қалыптастыру;
  • Тәрбие жұмысы арқылы студенттерде ішкі мәдениеттің жоғары деңгейін, этикалық мінез-құлықтың моральдық-адамгершілік қағидаларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кафедраның профессорлық -оқытушылар құрамының сандық және сапалық параметрлері бакалаврды, магистрді  даярлаудың білім беру бағдарламасының талаптарына жауап береді. Оқу үрдісі базалық білімі бар, оқытылатын пәннің бейініне сәйкес келетін және ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.

Кафедрада ПОҚ-ның әдістемелік жұмысына бақылау жасайтын әдістемелік комиссия жұмыс істейді.

ПОҚ  әдістемелік деңгейін көтеру мақсатында кафедрада әдістемелік комиссия ұйымдастырылды, оның жетекшісі- педагогика ғылымдарының кандидаты Төлегенов Шахарбек Төлегенұлы. Мамандарды дайындау үшін кафедрада оқу сыныптары, компьютерлік сыныптар, арнайы аудиториялар, техникалық және санитарлық талаптарға жауап беретін интерактивті тақталармен жабдықталған  дәрістік аудиториялар бар.

Студенттердің оқу және өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру үшін мамандықтар бойынша әдістемелік нұсқаулар дайындалды, сондай-ақ практика базаларымен келісім-шарттарға қол қойылды.

            Білім беру қызметін «Туризм,бастапқы әскери дайындық және дене мәдениеті және спорт» кафедрасы   Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің сапа саласындағы саясаты аясында: бәсекеге қабілетті және жоғары білікті мамандарды дайындауда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған нарық жағдайында білім беру қызметіне қойылатын заманауи талаптарға сай лицензияланған білім беру қызметтерін ұсынады.