1 ) А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Дизайн" және "HR-менеджмент" білім беру бағдарламасының студенттері Исабеков Александр мен Мұратбек Айша сыртқы академиялық ұтқырлық аясында ҚР ҰҚМ гранттық қаражаты есебінен Obuda University ( Венгрия) 1 семестрге барды.
2) ДМТУ Ростов университетінің студенттері Сифурова Иоланта ("Дизайн", 4 курс) және Габриелян Габриелла ("Информатика", 4 курс) академиялық ұтқырлық және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің маманы Қажкенова Арайлым Азаматқызының сүйемелдеуімен жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық аясында Бурабайдың көрікті жерлеріне барды.
3)2024 жылғы 12 қыркүйекте халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті Туризм, БӘД және ФКжС кафедрасының студенттері кафедра меңгерушісі Г. О. Әбішевамен бірлесіп, ақпараттық сағат өткізді. Академиялық ұтқырлық бөлімінен басқа, жиналыста Эразмус+бағдарламасына қатысқан студенттер сөз сөйледі. Бұл бағдарлама студенттерге Еуропаның басқа елдерінде білім алуға мүмкіндік береді, тәжірибе алмасу мен тағылымдамадан тұрады. Презентациядан кейін студенттер сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Саяхатты қаржыландыру, бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар, тілдік дайындықтың әртүрлі деңгейлері бар студенттерге арналған мүмкіндіктер және т.б. сияқты тақырыптар талқыланды. Әңгіме соңында кафедра меңгерушісі студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, жаһандану жағдайында жеке және кәсіби өсу мүмкіндіктерін іздеудің маңыздылығын атап өтті. Ол студенттерді ұтқырлық беретін мүмкіндіктерді жіберіп алмауға және ұсынылған бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды.
4) Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде "Дизайн" білім беру бағдарламаларының студенттері Жағыпаров Арсен, "Аударма ісі" Құрманғалиева Нұрай, "Халықаралық қатынастар" НауханДильназ 1 семестр мерзімінде Сappadocciauniversity (Түркия) оқуын жалғастырады. Студенттерімізге тамаша және табысты оқу және жақсы әсер тілейміз!
А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз орталығы