Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Академиялық ұтқырлық-білімге апаратын жол

Кез-келген заманауи университет үшін басқа университеттермен ынтымақтастық маңызды. Бұл оның имиджінің, талапкерлер үшін танымалдығы мен тартымдылығының көрсеткіші, сондай-ақ адам қызметінің барлық салаларына, соның ішінде жоғары білімге әсер ететін интернационалдандыру және жаһандану процестерінің табиғи салдары болып табылады. Бұл бағытта А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасында "Мәдени-тынығу жұмысы"білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық жүзеге асырылуда. Оны іске асыру барысында жоспарға сәйкес сабақтар "Мәдени-тынығу жұмысы" білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларында "Сахналық  шеберлік  негіздері"пәні бойынша онлайн-форматта өтеді. Академиялық ұтқырлық әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары білім сапасын арттыруға ықпал етеді және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

1.png

Хасенова А.Е., "Дизайн және мәдени-тынығу жұмысы" кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м.