Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Ақпараттық жүйелер және информатика" кафедрасы

1.jpg"Ақпараттық жүйелер және информатика" кафедрасы инженерлік-экология факультеті құрамында құрылған.  5В011100 "Информатика" 2009 жылдан бастап (академиялық дәрежесі – Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры); 5В070300 "Ақпараттық жүйелер" 2004 жылдан бастап (академиялық дәрежесі – техника және технология бакалавры) білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлауды жүзеге асырады.  
"6М070300 - Ақпараттық жүйелер" жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты 2005 жылдан бастап жүзеге асырылады. 6М070300 - "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратура түлегіне техникалық ғылымдар магистрі, бейінді  бағытта – техника және технология магистрі дәрежесі беріледі.  
Қазіргі уақытта кафедраны ф.м.ғ.доценті  М. Ғ. Есмағанбет басқарады.  
Кафедраның кадрлық құрамы 26 оқытушыдан тұрады, оның ішінде: штаттық - 3 профессор, 9 доцент, 6 аға оқытушы, сондай - ақ қосымша жұмыс жасайтындар - 4 оқытушы. Кафедра құрамына жоғары мектеп жүйесінде оқытушылық қызмет тәжірибесі мол оқытушылар кіреді.   
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы мына бастамашыл тақырыптар бойынша жүргізіледі:  "ЖОО басқарудағы  корпоративтік ААЖ әзірлеу және енгізу" ("Шоқан"Иинновациялық-консалтинг орталығы" ЖШС); "Сөйлесімді автоматты  түрде танудың озық технологияларын пайдалана отырып, аудио-бейне ақпаратпен жұмыс істеу бойынша интернет-платформа әзірлеу" ("Шоқан" Инновациялық-консалтинг орталығы" ЖШС) бастамашыл тақырыптар бойынша жүргізіледі.
"Программист" клубы өз қызметін жалғастыруда. СҒЗЖ  және клуб жұмысы шеңберінде қалалық, аймақтық және халықаралық студенттік конференцияларға қатысу жоспарлануда.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Белоруссияның мемлекеттік инженерлік-форматика және радиоэлектроника университетімен (Беларусь, Минск қ.) халықаралық ынтымақтастық орнатылды.