"Көкшетау" МС Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға өндіріс озаттары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, ғылым және білім саласының еңбеккерлері және т.б. қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Ақмола облысының әкімі М. М. Ахметжанов өңір үшін аянбай еңбек жасап жасап жатқан азаматтардың қала мен облыс дамуына қосқан үлесін атап өтті. Ерен еңбегі үшін ақмолалықтар марапаттарға ие болды, оның ішінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры,ҚР ҰҒА академигі, Ақмола облысының Құрметті азаматы Сағынтай Зекенұлы Елюбаев "Барыс"орденімен марапатталды. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері Сағынтай Зекенұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!
А.Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі