2024 жылғы 22 қыркүйекте А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Құқықтану" кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы В.Г.Тимирясов атындағы Казань инновациялық университеті ұйымдастырған "Цифрлық технологиялар және құқық" халықаралық ғылыми - практикалық конференциясына онлайн қатысты. Өзекті мәселелердің қатарында "Қоғамдық-құқықтық қатынастар жүйесіндегі цифрлық технологиялар", "Қылмыстық-құқықтық қатынастар жүйесіндегі цифрлық технологиялар", "Халықаралық-құқықтық қатынастар жүйесіндегі цифрлық технологиялар" және т. б. мәселелер қарастырылды. Конференция спикерлерінің арасында әлемдік атағы бар ғалымдар, танымал мамандар және цифрлық технологиялар мен құқық саласындағы танымал сарапшылар белсенді қатысып, көптеген қызықты зерттеулер мен шабыттандыратын идеялармен бөлісті, бұл маған өз білімім мен ой-өрісімді едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Әр түрлі елдердің әріптестерімен кәсіби пікірталастар мен networking осы салада одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа перспективалар ашты.
Жолумбаев М.К.,А. Мырзаметов атындағы КУ "Құқықтану" кафедрасының доценті , з.ғ.к.