Document
Сұрақтарыңыз бар ма?
Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?
Телефон 25-42-59 Маркер Байланыс

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырудағы және республикадағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі" және "Медиация -жанжалды шешудің бір жолы ретінде"тақырыбында қонақ дәріс-әңгімелер өткізілді. Дәріскерлер ретінде "Қоғамдық келісім" талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы А. Е. Қалықұл және кәсіби медиатор, "Халықаралық медиация орталығы" РҚБ Ақмола өкілдігінің директоры Т. Т. Бейсембаев шақырылды. Дәріс-әңгімелер мейірімді және сындарлы жағдайда өтті, Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды.

1.jpg

2.jpg

Ельжанова Е.Т., А.Мырзахметов атындағы КУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі