Document
Сұрақтарыңыз бар ма?
Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?
Телефон 25-42-59 Маркер Байланыс

ҒЫЛЫМИ ВЕБИНАРҒА ҚАТЫСУ

2024 жылдың 23- қазанында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Құқықтану" кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы "Scopus AI ғалымдарға арналған инновациялық мүмкіндіктері"атты ғылыми вебинарға қатысты. Scopus AI-бірегей өнім болып табылады. Құрал Scopus пайдаланушыларының 60% анықтаған жаңа тақырыптар туралы тиімдірек білу қажеттілігіне сәйкес жасалған. Құралды әзірлеуге және сынақтан өткзуге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған зерттеушілер, кітапханашылар және академиялық көшбасшылар қатысты. Олардың пікірлерінің арқасында Rag Fusion технологиясы әзірленді, бұл іздеу мен жауап беру сапасын едәуір жақсартады. Scopus AI тек 2003 жылдан бастап жарияланған Scopus-тағы метадеректер мен материалдарға сүйенеді. Бұл дерекқорда ұсынылған 7000-нан астам баспагерлердің ең өзекті мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді, ол нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады, бұл пайдаланушыларға соңғы ақпаратқа үздіксіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

1.png

2.png

Жолумбаев М.К., А. Мырзаметов атындағы КУ "Құқықтану" кафедрасының доценті. з.ғ.к.