2024 жылдың 4 желтоқсанында "Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасы халықаралық ғылыми қоғамдастық аясында олимпиаданы онлайн режимінде өткізді. Олимпиадаға 24 адам қатысты. Айта кету керек, олимпиадаға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері мен магистранттары ғана емес, сонымен қатар ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары, "ЭКОС" № 13 мектеп-гимназиясы" КММ, Көкшетау қаласының "№ 2 мектеп-лицейі" КММ және Тайынша қаласының "№2 орта мектебі" КММ оқушылары қатысты. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде "Экология", "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" бағыттары бойынша өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар табыс етілді. Олимпиаданың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
Капбасова Г.А., ж.т.ғ.м., Моргунов А.Н., т.ғ.м., «Экология, ӨТҚ және ҚОҚ » кафедрасының аға оқытушылары