Document
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ОТЫРЫСЫ

2024 жылғы 4 желтоқсанда "Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасы бірінші кезекте ғылыми-зерттеу және кәсіптік бағдар беру қызметі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған "Қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми қоғамдастықтың отырысын өткізді. Аталған іс-шараға университеттің білім алушылары, кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша жас ғалымдар, түлектер мен жұмыс берушілер, "ЭКОС" № 13 мектеп-гимназиясы" КММ, Көкшетау қаласының "№ 2 мектеп - лицейі" КММ, Тайынша қаласының №4 және №2 орта мектептерінің оқушылары, "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің студенттері мен мұғалімдері, ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен ПОҚ, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Щучинск қ. "Орман шаруашылығы экология және туризм жоғары колледжі" МКҚК, Ресей Федерациясының Ростов облысы Шахты қаласындағы Тюмень индустриалды университетінің және қызмет көрсету және кәсіпкерлік институтының (филиалы) профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды. Ғылыми қоғамдастық 2 бағыт бойынша жүргізілді: техносфераның экологиялық қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау тәсілдері. Түрлі ғылыми бағыттар бойынша 25 баяндамашы сөз сөйледі. Отырыста ғылыми жетекшілер, түлектер және жас ғалымдар "Экология", "ӨТҚ және ҚОҚ" білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми - зерттеу жобаларын және экология, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми мәселелерді тыңдап, талқылады, оларды одан әрі іске асыру және зерттеу қызметін жалғастыру үшін оң ұсыныстар берілді, олар назарға алынды. Ғылыми қоғамдастық отырысының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс сөздер айтылып, қатысушылардың сертификаттары, ал ғылыми жетекшілерге, жас ғалымдарға алғыс хаттар табыс етілді. Баршаңызға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз және одан әрі жемісті ынтымақтастық тілейміз!

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.png

8.png

9.png

Капбасова Г.А., ж.т.ғ.м., Моргунов А.Н., т.ғ.м., «Экология, ӨТҚ және ҚОҚ » кафедрасының аға оқытушылары