Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

«Халықаралық қатынастар, тарихы және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы

Гуманитарлық-педагогика  факультетінің  құрамындағы «Халықаралық қатынастар, тарихы және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы  6В03113  (5В020200) Халықаралық қатынастар, 6В01608 (5В011400) 1.jpgТарих мұғалімдерін даярлау, 6В10220 (5В) Әлеуметтік жұмыс, 7М01608 (6М011400) – Тарих бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді  даярлауды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта кафедраны  т.ғ. к., доцент Капышев Ардақ Қайыржанұлы басқарады.

   Кафедраның кадрлық құрамы: 5 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 8 магистр, 4 профессор, АМКУ  4 доценті, 1 доцент м.а., 6 аға оқытушы болып табылады.  Кафедра құрамына негізінен жоғары мектеп жүйесінде ұзақ практикалық тәжірибесі бар, республиканың базалық жоғары оқу орындарын бітірген оқытушылар кіреді, атап айтсақ  Әл - Фараби атындағы ҚазМУ, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ,  Ш.Уәлиханов атындағы КМУ  және т. б.    

  Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының даму стратегиясы әлемдік білім беру кеңістігінің қазіргі тенденцияларына негізделген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған, кәсіби қызметтің жүйелі көрінісіне ие, дамыған аналитикалық ойлау және шығармашылық қызметтің мәдениетіне ие оқыту жүйесін жетілдіру болып табылады.

Кафедра жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады. Білім беру бағдарламасының түлегіне:

- 5В011400"Тарих" 5В011400 – «Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесі беріледі»;

- 5В020200" Халықаралық қатынастар" -  5В020200" Халықаралық қатынастар"  мамандығы бойынша  гуманитарлық білім бакалавры дәрежесі беріледі»;

- 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» - "Әлеуметтік жұмыс»  мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр" академиялық дәрежесі беріледі»;

         - 6М011400 – Тарих. Ғылыми-педагогикалық бағыт (2 жыл), бейіндік бағыт (1 жыл, 1,5 жыл) бойынша дайындық жүргізілуде. "6М011400-Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

Кафедрада тарих ғылымдарының кандидаты А. К. Капышевтің жетекшілігімен "Тарихи-гуманитарлық зерттеулер" ғылыми-зерттеу тақырыбы әзірленуде. Ғылыми-зерттеу тақырыбын жүзеге асыру кафедраның профессорлық -оқытушылар құрамының мамандық бағыттары бойынша ғылыми қызығушылықтары аясында жүзеге асырылады.

Кафедраның ғылыми жұмысының нәтижелері монографияларда, оқу құралдарында, импакт-факторлы мақалаларда, ғылыми-әдістемелік басылымдарда, кафедра оқытушыларының түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөйлеген сөздерінде көрсетілген. Соңғы үш жылда кафедра ПОҚ Web of Knowledge (Thomson Reuters, Scopus) іздеу базасының импакт-факторы бар журналдарда 5 мақала жариялады  4 монография, 8 оқу құралы, 5 авторлық куәлік, 28 оқу-әдістемелік құрал шығарылды.

Кафедраның ПОҚ ҚР БҒМ "ЖОО-ның үздік оқытушысы" республикалық байқауына қатысады, оның қорытындысы бойынша 2014 жылы т.ғ. к. Капышев А. К. , 2018 жылы аға оқытушы,  пед. ғылымдарының магистрі.А. И. Свинарчук грант иегерлері атанды.