2025 жылғы 13-24 қаңтар аралығында М. Әуезов атындағы Шымкент қаласындағы (Қазақстан) ОҚУУ базасында "Сот төрелігі және тұрақты даму саласындағы тиімді институттар" халықаралық қысқы мектебі өтуде. Халықаралық қысқы мектептің жұмысына отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарымен қатар А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Құқықтану" кафедрасының профессоры Ш. С. Тоғайбаева қатысады, ол 20-21 қаңтарда "Дропперлерді жауапкершілікке тарту практикасы", "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену"атты баяндамалармен сөз сөйлейді. Бұл мектеп-кәсіби білімді арттыруға және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болып табылады.
"Құқықтану" кафедрасы