Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

"ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ"ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Қаржы, есеп және басқару" кафедрасы  "BEREKE BANK" АҚ-мен  жасалған 2023-2024 оқу жылына арналған қаржылық сауаттылық және алаяқтық жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес кафедрада "Қаржылық алаяқтық және қаржы пирамидаларының тәуекелдері" атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара білім алушылармен бірігіп, ғылыми қоғамдастық аясында өтті. Іс-шараның мақсаты - қаржылық сауаттылық саласындағы білімді қорытындылау  және жүйелеу, қаржылық алаяқтық тәуекелін жақсарту  мақсатында білім алушылардың осы мәселеге байланысты тиімді  дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Дөңгелек үстел барысында "Bereke Bank" АҚ тұтынушылық несиелеу бөлімінің басшысы  Т.Т. Акимов қазіргі замандағы  қаржылық тәуекелдер мен алаяқтық жағдайларында өмір  сүріп жатқан  азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттырудың қажетті шарты болып табылатын  мәселелерге тоқталып, университет білім алушыларына осы мәселеге қатысты кеңестер берді.   "Қаржыгер" ғылыми клубының белсенділері халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру туралы баяндама жасады. Кафедра мүшелері  дөңгелек үстелдің мазмұнды да өзекті болуына үлес қосқан,  осы шараны жүргізушілер  мен тыңдаушыларға өздерінің ризашылығын білдірді. 

1.png

2.png

3.png

Әбілдаханова С. Р., Қазыбаев Б. О., Қаржы, есеп және басқару кафедрасының аға оқытушылары