Document
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

КӘСІПТІ ИГЕРУГЕ КӘСІБИ МАМАНДАР- ПРАКТИКТЕР КӨМЕКТЕСЕДІ

"Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасында 05.11.2024 – 25.11.2024 ж. ж. аралығында практик мамандармен ынтымақтастық аясында "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасының 1,2 курс студенттеріне арналған сабақтарды Көкшетау қаласының №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, лейтенант Серік Әділет Алтынбекұлы жүргізді. Сабақтың мақсаты - теориялық білімді оларды нақты жағдайда қолдану арқылы тереңдету болды. Лейтенант өрт күзетіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, өрт және басқа да төтенше жағдайларды жою кезінде қызметкерлер кездесетін нақты жағдайлар туралы айтты. Сабақта студенттер тұрмыста және өндірісте өрттің алдын алу негіздерімен, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдерімен, заманауи өрт-құтқару жабдықтарының жұмыс істеу қағидаттарымен, зиянның ұлғаюына немесе өмірден айырылуына әкеп соғуы мүмкін қателерді талдаумен танысты. Қауіпсіздігі жоғары нысандарда ережелерді сақтауға және қауіп жағдайында нұсқауларды қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мұндай сабақтар студенттерге құтқарушы мамандығының маңыздылығын жақсы түсінуге, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін өз жауапкершілігін сезінуге көмектеседі. Кәсіби мамандармен практикалық байланыс студенттердің күнделікті өмірде де, кәсіби қызметте де пайдалы болуы мүмкін терең білім мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Бейінді салалардан мамандарды тарту-бұл білім беру сапасын арттыруға және экология және қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған университет стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

1.jpg

2.jpg

Қапбасова Г.А., "Экологиялық, ӨТҚ және ҚОҚ" кафедрасының меңгерушісі , Юрков И. А., аға оқытушы, ж.т.ғ.м.