Кафедраның мақсаты-өндірістік және ғылыми қызмет мәселелерін шешуге шығармашылық және жауапкершілікпен қарауға қабілетті кәсіби-білікті мамандарды дайындау.
Кафедра құқықтану факультетінің құрамына кіреді. ҚФ деканы А.А.Кушумбаев. Кафедраның кадрлық құрамы профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежеленуі-51,8% құрайды; Кафедра құрамына жоғары мектеп жүйесінде ұзақ практикалық тәжірибесі бар оқытушылар кіреді.
Магистратурада сабақ жүргізуге ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылар ғана жіберіледі. Магистрлік диссертацияларды ғылыми басқаруды "Құқықтану"мамандығы бойынша ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар жүзеге асырады.
Ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы және барлық оқу үрдісі тиісті нормативтерді сақтауға және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін жұмысты жетілдіруге бағытталған.
Кафедраны саяси ғылымдар докторы, профессор А. А. Бухаева басқарады.
1995 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы-саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы "Этникалық бірегейлік Қазақстан Республикасындағы интеграция және шоғырландыру факторы ретінде"тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Жыл сайын халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады (Қырғызстан, Белоруссия, Ресей, Моңғолия). 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, "Этносаясатқа кіріспе", оқу құралының, "Этносаралық келісім-қоғамды шоғырландыру факторы" монографиясының, "Мемлекеттік билік жүйесіндегі прокурорлық қадағалау" оқу құралының авторы болып табылады. Саяси-құқықтық мәселелер саласында тәжірибе жинақтауда. Байтұрсынов медалімен, Білім министрінің, Шығыс Қазақстан облысы және Семей қаласы әкімінің грамоталарымен марапатталған.
Кафедра "Арна" Көкшетау жоғары колледжі мекемесінің тапсырысы бойынша "Қолданыстағы заңнаманы қолдану және орындау контексіндегі құқықтанудың өзекті мәселелері" тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында жұмыс жасап жатыр. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасын тиімді қолдану және орындау бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.