Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Құрметті миссияны орындау

Щучинск қаласының "Жоғары педагогикалық колледжі" МКҚК қуанышты күндерін А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері, филология ғылымдарының кандидаты, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессоры А.А. Мухамедина және педагогика ғылымдарының магистрі, Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Д. А. Бозова бөлісті. Олар ағымдағы жылдың 28 маусымында өткен осы оқу орнын бітіргені туралы түлектерге диплом тапсыруға арналған іс-шараға қатысты. Университет басшылығы атынан Айгүл  Алькеновна колледждің педагогикалық ұжымын оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтады . Көп жылғы және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, колледж директоры Г.В. Бичунға алғыс хат табыс етті. Ол сондай-ақ түлектерді оқу орнын табысты аяқтауымен құттықтап, мамандықты одан әрі игеруге табыс тілеп, оларды А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқуларын жалғастыруға шақырды. Біздің ЖОО туралы толық ақпаратпен қатар колледж түлектеріне көрнекі материалдар, оның ішінде буклеттер ұсынылды, шақырулар берілді.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз орталығы