Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамыту аясында 2025 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшыларының қатысуымен магистранттар үшін онлайн-консультациялар ұйымдастырылды. Іс-шара магистрлік диссертацияларды дайындау сапасын арттыруға және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған білім алушыларды қолдаудың кешенді бағдарламасының бөлігі болды. Консультацияларға Донецк МТУ қызмет көрсету және кәсіпкерлік институтының "Экономика және менеджмент" кафедрасының ғалымдары (Шахта қ., Ресей), э. ғ. к., доцент Слатвицкая И. И. және э. ғ. д., профессор Черкесова Э. Ю. қатысты. Олар магистранттармен онлайн-сессиялар өткізді, ғылыми зерттеу әдіснамасынан бастап магистрлік диссертациялар мен жарияланым белсенділігін рәсімдеуге дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Магистранттар сілтемелерді дұрыс ресімдеу, жарияланымдар үшін журналдарды таңдау, қорғауға дайындық және халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндігі бойынша құнды ұсыныстар алды. Білім алушылар шетелдік консультанттардың қатысуы мен ашықтығының жоғары деңгейін, сондай-ақ алған білімі мен тәжірибесінің құндылығын атап өтті. Мұндай консультацияларды өткізу магистранттардың академиялық деңгейін арттыруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар білім алушыларға даму үшін жаңа көкжиектер ашып, университеттің халықаралық байланыстарын нығайтады. Мұндай іс-шаралар тұрақты болады және жаңа серіктес жоғары оқу орындары мен талқылау тақырыптары есебінен кеңейтіледі деп жоспарлануда.
Қаржы, есеп және басқару кафедрасы