Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

"Мәдениет әлемі: өнер, ғылым, білім"атты халықаралық кездесуге қатысу

Халықаралық конференция - бұл елдердің ресми өкілдерінің өзара қызығушылық тудыратын мәселелер туралы диалогқа арналған кездесуі.

 "Дизайн және мәдени-тынығу жұмысы" кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Челябинск  мемлекеттік мәдениет институтының доценті Николаева Любовь Александровнамен кездесу өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция әлеуметтік-мәдени мұраны, оның жемісті қоғамдық өмір үшін маңыздылығын ұғынуға, жаңа буынды оқыту және тәрбиелеу мақсатында білім беру қызметін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді әдістерін анықтауға, адамның шығармашылық қабілеттерін іске асыруға, қоғамдық сананы қалыптастыруға және рухани-зияткерлік тұлғаны дамытуға ықпал ететін өнердің, ғылымның, білімнің үйлесімді өзара іс-қимылының траекториясын айқындауға бағытталған.

Конференция барысында ЖОО-лардың академиялық ұтқырлығы, одан әрі бірлескен жұмыс туралы мәселелер талқыланды. Халықаралық байқауларға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. "Оңтүстік Уральск  шоқжұлдызы" балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының халықаралық көпжанрлы конкурс – фестиваліне қатысушыларды дайындағаны үшін "Дизайн және МТЖ" кафедрасының аға оқытушысы К. А. Белялова алғыс хатпен марапатталды.

1.png

2.jpg

Малько Т.В., "Дизайн және мәдени-тынығу жұмысы" кафедрасының  аға оқытушысы