Ағымдағы жылдың 17 қазанында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Қаржы, есеп және басқару" кафедрасында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Сайдалин Самат Мұратұлының қатысуымен "Муниципалдық менеджмент" пәні бойынша қонақ дәріс өтті. "Зияткерлік меншікті қорғаудағы муниципалды органдардың рөлі: құқықтық аспектілер мен практикалық тәсілдер" тақырыбында дәріс сұхбат - пікір-талас түрінде өткізілді, онда студенттер " Муниципалды деңгейде брендтің символикасын құқықтық қорғауды және тіркеуді қалай дұрыс ұйымдастыру керек?", "Құрылған зияткерлік меншікті қорғау үшін муниципалдық органдар қандай шаралар қабылдауы керек?", "Брендтің символикасын муниципалды деңгейде құқықтық қорғауды және тіркеуді қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?"және т. б. мәселелерді талқылады. Дәріс барысында білім алушылар Көкшетау қаласындағы танымал компаниялардың брендтерінің зияткерлік меншігін қорғау саласындағы жағдаяттық мысалдарды, шағын және орта бизнесті киберқорғау және құқықтық қолдау мәселелерін қызығушылықпен талдады. Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті. Дәріс соңында оқытушы мен білім алушылар шақырылған лекторға қызықты да тартымды дәрісті өткізуге уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, кәсіби қызметінде үлкен табыс тіледі!
Егінчибаева А. А., қаржы, есеп және басқару кафедрасының оқытушысы