01.02. 2024 ж. жұмыс сапарымен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов келді. Кездесу барысында ол ЖОО қызметінің барлық бағыттарымен егжей-тегжейлі танысты. Облыс әкімінің назары №2 студенттер үйіне, сондай-ақ ашылуға дайындалып жатқан халықаралық спорт кешені мен студенттер сарайында болды. Ақмола облысының әкімінің сапары заң факультетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесумен жалғасты. Облыс әкімі танымдық сипаттағы дәріс өткізіп, ол пікір алмасу сұхбатына ұласты. Облыс әкімімен әңгіме барысында университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі С. З. Елюбаев біздің жоғары оқу орнына жасап жатқан көмегі үшін алғысын білдіріп, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық әрі қарай жалғасады деген үмітін білдірді.
А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі