2025 жылдың маусым айының басында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде халықаралық мәдени алмасу бағдарламасы аясында Индонезиядан келген делегация, Негери Сурабая университеті (Universitas Negeri Surabaya) өкілдерінің университетке сапары атап өтілді. Делегация құрамында-төрт студент және оқытушы бар. Сапардың мақсаты - Қазақстанның мәдениетімен, білім беру жүйесімен және дәстүрлерімен танысу болып табылады. Университет қонақтарды қарсы алу барысында қомақты мәдени бағдарлама дайындады. Мәдени бағдарлама аясында Қазақстанның астанасы Астана қаласына, Көкшетау қаласының мұражайларына экскурсия, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған қалалық салтанатты іс-шараға қатысу жарқын іс-шаралар болды. Бұл қонақтарға үлкен әсер қалдырды. Астана мен Көкшетаудың көрікті жерлерін аралау барысында қонақтар архитектуралық ескерткіштермен, өңірдің тарихы мен дамуымен, еліміздің этнографиялық ерекшеліктерімен және мәдени дәстүрлерімен танысып, делегация қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Индонезиялық студенттер тарихи орындарға бару олар үшін Қазақстан Республикасы халқының мәдениетімен танысуының маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Кездесу Индонезия мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды нығайтудағы тағы бір қадам болды, сондай-ақ шетелдік қонақтарға біздің қонақжайлылық пен түрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Сапар аясында Сурабая мемлекеттік университетінің (Universitas Negeri Surabaya, UNESA) өкілі, доктор Вулан Патрия Сароинсонг әлеуметтік-педагогика пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін авторлық семинар өткізді. Кездесу қатысушылардың кәсіби дамуына ықпал ететін жылы іскерлік атмосферада өтті. Іс-шараның барлық қатысушылары Негери Сурабая университетінен халықаралық білім беру сессиясына қатысқанын растайтын ресми сертификаттар алды. Сондай-ақ, Доктор Вуланның қатысуымен халықаралық академиялық ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытқан университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысқан баспасөз конференциясы өтті. Доктор Вулан өзінің білім беру ұйымы, дайындық бағыттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және т. б. туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Достық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде кездесу соңында Индонезиядан келген делегация басшысы кездесуге қатысушыларға Негери Сурабая университетінің естелік кәдесыйларын ұсынды. Мұндай бастамалар академиялық әріптестікті нығайтады және халықаралық академиялық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам бола отырып, қазақстандық білім беруді халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялауға ықпал етеді. Өз кезегінде, Сурабая мемлекеттік университетінің (Universitas Negeri Surabaya, UNESA) студенттері үшін біздің университетте білім беру және мәдени тәжірибе алмасуға ықпал ететін бірқатар қызықты дәрістер мен воркшоптар өткізілді. Жазғы мектеп басталғанға дейін бір апта ішінде индонезиялық студенттер біздің университетпен қаламен белсенді түрде танысты, көрікті жерлерге барды, кездесулерге, сессиялар мен конференцияларға қатысты. Сертификаттардан басқа, олар біздің университеттен транскрипт алды. Біз бұл кездесулер тек пайдалы тәжірибе ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар, танысу және кәсіби өсу үшін себеп болғанына қуаныштымыз.
А.Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі