Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың "Дене шынықтыру және спорт арқылы студент жастардың салауатты өмір салты үшін жағдай жасау туралы" Үндеуін қолдап, "Бұқараға спорт" ұранымен Ақмола облысындағы Президенттің шақыруына бірден жауап берген алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болды. Қазақстанның солтүстік өңірінде баламасы жоқ, өзінің ауқымы мен халықаралық стандарттары бойынша 21 спорт түрінен халықаралық жарыстардың болашақ чемпиондары-студенттерді даярлау бойынша университеттің құрылған бірегей халықаралық спорт кешені халықаралық, республикалық, өңірлік жарыстардың өтетін орнына айналды. Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық спорт кешені базасында Қазақстанның барлық облыстарынан спортшыларды жинаған шинкиокушинкай каратэінен "KOKSHETAU OPEN" республикалық турнирі өтті. Турнирдің аяқталу салтанатында Ақмола облысы әкімінің орынбасары, шинкиокушинкай каратэ федерациясы Ақмола облыстық филиалының құрметті президенті Е.С. Жаркешов Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі С. З. Елюбаевқа алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етіп, жоғары деңгейде өткен республикалық іс-шараны ұйымдастыруға қатысқаны және спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасағаны үшін үлкен алғысын білдірді. Ол сондай-ақ университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі С.З. Елюбаевтың жастарды салауатты өмір салты бойынша тәрбиелеудегі, спортпен шұғылдануға жұмылдырудағы орасан еңбегін атап өтті. "Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жастардың денсаулығын нығайтуға, студенттердің түрлі турнирлер мен спартакиадаларға қатысуына, студенттік ортада спортты насихаттауға бағытталған студенттік спорт өте дамыған. Университет қабырғасынан студенттік спорт тарихына енген және университеттің ғана емес, республиканың да мақтанышына айналған көптеген көрнекті спортшылар шықты, - деп атап өтті Е. С. Жаркешов. "А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық спорт кешені бізді өзінің бірегейлігімен таң қалдырды. Сіздің университетіңіздің спорт кешені өзінің заманауи жабдықталуы мен көпфункционалдылығы бойынша еліміздің үздік үш спорт аренасының қатарына кіреді", - деді қатысушылардың пікірі мен ЖОО басшылығына алғысын білдіре отырып, Абай облысы шинкиокушинкай каратэ федерациясының басшысы Айбол Ысқақов. Каратэден "KOKSHETAU OPEN" республикалық турнирі шинкиокушинкай жарқын спорттық іс-шараға айналған жас каратэшілер де өз әсерлерімен бөлісті.
А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі