Академиялық ұтқырлық кәсіби және жеке басының өсуіне, әртүрлі білім беру жүйелері мен орталарға қол жеткізуге шексіз мүмкіндіктер береді. Ол білім беру сапасын арттыруға, оны интернационалдандыруға, халықаралық ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді. Ағымдағы жылдың қазан айында "Қаржы, есеп және басқару" кафедрасының аға оқытушысы, маркетинг магистрі Камерова Анар Акылбековна "Есеп және аудит" және "Мемлекеттік басқару"білім беру бағдарламалары бойынша Мәскеу халықаралық бизнес және басқару академиясының білім алушыларына бақылау әдіснамасы бойынша дәрістер өткізді. Осы кездесулерде бақылаудың маңызды аспектілері, бақылаудың көмегімен бизнес-процестердегі жаңа әдістер белгіленді, сондай-ақ бақылауды қолданатын кәсіпорындардың болашақ табыстарына сараптамалық баға мен талдау берілді. Мәскеу халықаралық бизнес және басқару академиясының "Есеп және аудит" және "Мемлекеттік басқару" білім беру бағдарламаларының білім алушылары дәріс барысында жоғары белсенділік танытты: сұрақтар қойды, дәріс сабағының тақырыбы бойынша пікірталас өткізді, сондай-ақ дәріскерге алғыс сөздерін білдірді.
А. Мырзахметов атындағы "Қаржы, есеп және басқару" кафедрасы