Document
Сұрақтарыңыз бар ма?
Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?
Телефон 25-42-59 Маркер Байланыс

ПЕДАГОГ-ПРАКТИКТЕРДІҢ ОҚУ ҮРДІСІНЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУЫ

ЖОО-да студенттік ғылымды дамытудағы өзекті міндеттердің бірі - педагог - практиктерді оқу үрдісіне жұмылдыру болып табылады. Мәселен, "Психологияны оқыту әдістемесі" пәнін оқыту барысында педагог-психологтың жұмысындағы құжаттама және нормативтік-құқықтық база атты тақырыппен "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларының алдында №14 ББМ КММ педагог-практик, педагог-психолог Ю. И. Панчук баяндама жасады. Юлия Игоревна білім беру ұйымында педагог-психологтың жұмысы қалай жүзеге асырылып жатқандығы, психологтың қызметіне қандай нормативтік-құқықтық құжаттар мен заңдарға сүйену керектігі туралы айтып берді және Ақмола облысы ҚБ бекіткен диагностикалық әдістемелердің тізбесін ұсынды. Педагог-практик жасаған баяндамадан білім алушылар қажетті және маңызды ақпарат алды. 

1.jpg

2.jpg

Л.А. Повстян,психология ғылымдарының кандидаты, доцент