2.02.2022 ж. «Экология» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері «Болашақ сарайындағы» ғылыми-интеллектуалды бағытта ұйымдастырылған «Экологиялық мониторинг», «Green industry», «Экология және табиғат», «Recycling club» эко-жобалар шеберханасы, «Өсімдіктер биотехнологиясы», «Eco-water», «Ecolab» үйірмелерінің жұмыстарымен танысты. Әр түрлі бағытта жұмыс жасайтын лабораториялар заманауи зерттеу құралдарымен жабдықталған.