2025 жылғы 21- ақпанда А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "Студенттердің әлеуметтік тәрбиесі мен белсенділігін дамыту" оқу топтарының кураторлары үшін семинар өтті, оның модераторы әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Д. К. Абдульманова болды.Іс-шара барысында студенттердің әлеуметтік белсенділігінің көрсеткіштері, іс-шараларға қатысу дәрежесін арттыру жолдары, білім алушылардың белсенділігін есепке алу әдістемесі туралы айтылды. Студенттермен тәрбие жұмысының негізгі нысандарының бірі ретінде кураторлық сағаттарды өткізудің сапасы мен әдістемесіне көп көңіл бөлінді.
А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз орталығы