Document
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

ТЕОРИЯНЫҢ ПРАКТИКАНЫ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫРУ

2025 жылғы 22 қаңтарда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Құқықтану" кафедрасына Ақмола облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ильясов Алмаз Уалиденұлы ішкі істер органдарының әртүрлі деңгейдегі бөлімшелерінде тергеу жұмысының бай тәжірибесі бар қызметкер ретінде шақырылды. Шақырудың мақсаты - "Адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар" тақырыбында қылмыстық құқық бойынша сабақ өткізу. Сабақты өткізу барысында практик-оқытушы жеке адамға қарсы қылмыстарды саралау кезінде туындайтын негізгі проблемаларды егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ білім алушыларға қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының новеллаларын жеткізді. Сабақ соңында қызметкер-оқытушы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларды мамандарды сапалы даярлауға ықпал ететін одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды. Өз кезегінде білім алушылар оған қызықты және тәжірибеге бағдарланған сабағы үшін алғыс сөздерін білдірді.

1.jpg

2.jpg

Каракушев С.И., Құқықтану" кафедрасының меңгерушісі