Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жоғары курс студенттері үшін жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Абилев спикер болды. Іс-шара барысында ол студенттерді мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды, мемлекеттік қызметке конкурстық және конкурстан тыс іріктеу тәртібі туралы баяндады. "Бізде бірнеше жыл бойы жас мемлекеттік қызметші мектебі бар. Егер сіз бізге жұмысқа келуді жоспарласаңыз, өтініш бере аласыз. Сізге өзіңізді көрсету үшін бірегей мүмкіндік беріледі. Біздің кездесуіміздің мақсаты-бізге келгісі келетіндер үшін кейбір аспектілерді түсіндіру!"- деп түйіндеді Думан Абилев. Іс-шара соңында студенттермен пікір алмасу ұйымдастырылды, онда спикер оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Амринова Ж. Б., Әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаментінің маманы