2024 жылдың 11 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің құқықтану факультетінде жеке сот орындаушылары палатасының өкілі Ч.Б. Абраевтың "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары"тақырыбында дәрісі өтті. Қ-32, Қ-4 а-о тобының студенттері біздің қоғамдағы өзекті мәселені белсенді талқылап, алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі және т. б. туралы сұрақтар қойды. Кездесу болашақ кәсіби заңгерлер үшін өте пайдалы болды!
Құқықтану кафедрасы