2024 жылдың 19 қыркүйегінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Құқықтану" кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы "Scopus-тағы метрика және оларды қалай пайдалану қажет" атты ғылыми вебинарға қатысты. Вебинар барысында келесі мәселелер қаралды: Scopus көрсеткіштері дегеніміз не және олардың ғылыми қызметті бағалауда маңызы қандай, зерттеулердің көрінуін арттыру үшін көрсеткіштерді қалай дұрыс пайдалану керек, бәсекеге қабілеттілікті талдау үшін көрсеткіштерді интерпретациялау және сәйкестендірудің ең жақсы тәжірибелері. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз жұмыстарында көрсеткіштерді қолдану бойынша практикалық ұсыныстар ала алды.
Жолумбаев М. К., Құқықтану кафедрасының доценті, з.ғ.к.