Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

ЖАСТАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Ұлттық валютаның 30 жылдығын мерекелеу аясында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің экономика факультетінің білім алушылары ақшаға құрметпен және сауатты қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму орталығының мамандары өткізген "Отбасы – қаржылық сауаттылық көзі" тренингіне қатысты. Қаржылық сауаттылық-бұл қаржыға қатысты теңдестірілген және ақылға қонымды шешімдер қабылдауға көмектесетін білім мен дағдылар болып табылады. Қаржылық сауатты болу үшін сіз негізгі қаржылық ұғымдарды түсінуіңіз керек, қаржы ұйымдарының қызметтерін басшылыққа алуыңыз керек, олардың артықшылықтары, кемшіліктері мен тәуекелдері туралы біле отырып қолдануыңыз қажет, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалап, қаржыны басқара аласыз: бюджет жүргізу, шығындарды жоспарлау, қаржы үнемдеу және мүмкіндігінше қарыздан аулақ болу. Қаржылық сауаттылық өзіңізді және отбасыңызды күтпеген жағдайда қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет. Бұл мәселелерді іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде талқылады. "Қаржылық сауаттылық" жобасын іске асыру мақсатында тренинг аяқталғаннан кейін студенттермен сауалнама жүргізілді.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

Қаржы, есеп және басқару кафедрасы