
ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ
Эразмус+ – Еуропалық Одақтың білім беру және оқыту, спорт пен жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлықты, серіктестікті және жобаларды қолдауға бағытталған бағдарламасы.
Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуын, спорт пен жастар саясатының дамуын қолдауға, сондай-ақ азаматтардың дағдылары мен құзыреттерін арттыру арқылы олардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған. Бағдарлама адами капиталға инвестиция көлемін айтарлықтай ұлғайтуды көздейді.
Бағдарламаның халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен ынтымақтастық) жоғары білім беру мен жастар саясаты салаларындағы серіктестікке ерекше назар аударады. Жоғары білім беру саласында екі бағдарлама (Бірлескен магистрлік дәрежелер және Жан Моне бағдарламасы) ЕО ішкі бюджетінен қаржыландырылады. Ал басқа екі бағдарлама (Кредиттік ұтқырлық және Әлеуетті арттыру) сыртқы ынтымақтастық қорлары арқылы қаржыландырылады.
Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты келесі сайттан көруге болады:
http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm.
Бізбен байланысыңыз
Исмаилова Диана Төлеубайқызы, Ғаламдық серіктестік жөніндегі проректор
Мекенжайы: 020000, Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 189 «А», №1 оқу-әкімшілік ғимараты, 105 кабинет
Телефон: +7 775 854 19 92
E-mail: bolognaprocess11@gmail.com



