Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
2017 жылғы 24 шілдедегі
№ 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде
2017 жылғы 29 тамызда
№ 15589 болып тіркелді
Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу
- Әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жыл сайын қабылдау жылының 1 наурызына дейін әскери кафедраға жіберетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа күндізгі оқу нысанында оқитын, конкурс өткізілетін жылы жасы 25-тен аспаған, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Әскери кафедраға құжаттарды қабылдау қабылдау жылының 20 мамырында, ал медициналық куәландыру нәтижелерін қабылдау конкурс өткізілетін жылы 31 мамырды қоса алғанда аяқталады.
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша факультетте (институтта) оқитын студенттердің тізімдері ЖОО деканаттарында қалыптастырылып, құжаттарды қабылдау басталғанға дейін әскери кафедраға беріледі.
- Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу конкурсы үш кезеңде жүзеге асырылады:
- бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) (бұдан әрі – әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары);
- екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;
- үшінші кезең - дене дайындығын тексеру.
Іріктеу кезеңдерінің қорытындылары студенттерді әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу жөніндегі комиссия отырысында (бұдан әрі – іріктеу комиссиясы) қаралуға жатады.
- Іріктеу комиссиясының құрамы мен жұмыс мерзімдері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығының (бұдан әрі – ҚР ҚК БШБ) бұйрығымен айқындалады.
Іріктеу комиссиясы тақ санды мүшелерден (кемінде 5 адам) тұрады, оның құрамына мыналар кіреді:
- Комиссия төрағасы – ҚР ҚМ өкілі;
- Комиссия төрағасының орынбасары – әскери кафедраны жетекшілік ететін ЖОО проректоры;
- әскери кафедра бастығы орынбасарларының бірі;
- әскери кафедра бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) дене дайындығы және спорт бойынша өкілі немесе жауапты тұлғасы, ал олар болмаған жағдайда ЖОО дене тәрбиесі және спорт кафедрасының өкілі;
- ЖОО әскери кафедрасының оқытушысы;
- комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып ЖОО әскери кафедрасының өкілі тағайындалады.
- Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңінен өтуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі, ал екінші және үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.
- Конкурстың әрбір кезеңінен өтуге тек бір рет қана рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген талапкер келесі кезеңге жіберілмейді.
- Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша тегін және ақылы негізде оқыту үшін құжаттар бірінші және екінші курс студенттерінен (медициналық ЖОО-ларда екінші және үшінші курс студенттерінен) қабылданады.
- Әскери кафедрада оқыту конкурсына қатысуға ниет білдірген студент осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады.
- Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қосымша ретінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жалғыз немесе екі ата-анасының қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың бірінің түпнұсқасы мен көшірмесін не қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
- Медициналық куәландырудан өту үшін әскери кафедралар осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде студенттерге әскери оқу орнына түсуші азаматтың медициналық куәландыру картасын әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес ресімдеп береді.
- Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес студенттер медициналық куәландыру басталғанға дейін медициналық комиссияға медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулер нәтижелерінің тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.
- Студенттердің медициналық куәландырудан өтуі конкурс өткізілетін жылы 1 наурыздан бастап 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.
Медициналық куәландырудан өту кестесін әскери кафедралар жергілікті әскери басқару органдарымен келіседі, олар әскери-дәрігерлік комиссиялардың жұмыс жоспарына әскери кафедраларда оқуға кандидаттардың медициналық куәландырудан өтуін енгізеді. Кестеде көрсетілген мерзімде медициналық куәландыруға келмеген студенттер оны өз бетінше өтеді.
- Студенттердің кәсіби-психологиялық тестілеуі іріктеу комиссиясымен ЖОО компьютерлік сыныптарында өткізіледі және уәждеме деңгейін, күйзеліске төзімділікті, сыни және логикалық ойлауды тексеруді қамтиды.
- Студенттердің дене дайындығын тексеру әскери кафедра бекітілген әскери бөлімнің (мекеменің) дене дайындығы және спорт бойынша өкілі немесе жауапты тұлғасы, ал олар болмаған жағдайда ЖОО дене тәрбиесі және спорт кафедрасының өкілі арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру нормативтерін қабылдауды қамтиды.
Үш нормативті тапсыру нәтижесі бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурстың үшінші кезеңінен өтпеді деп есептеледі.
- Кәсіби-психологиялық іріктеу мен дене дайындығын тексеру нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостарға енгізіледі.
- Конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен жасалатын рейтингке сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген).
- Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әскери кафедрада әскери даярлыққа тарту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын ресімдеумен сүйемелденеді, келесі шешім түрлерінің бірін қабылдай отырып: «әскери даярлыққа тарту», «ақылы негізде оқуға ұсыну», «бас тарту».
Шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Әскери кафедрада тегін негізде оқыту үшін рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі студенттер тартылады.
Осы студенттер бойынша іріктеу комиссиясы «әскери даярлыққа тарту» туралы шешім шығарады.
- Студенттерді әскери даярлыққа тарту, оларды қару-жарақпен және әскери техникамен, «қызметтік пайдалану үшін» әдебиеттермен және құжаттармен жұмыс істеуге жіберу ЖОО басшысының бұйрығымен хаттама негізінде келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
тегін негізде оқыту үшін - іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде;
ақылы негізде оқыту үшін - оқу жылы басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде, студент осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жазғаннан кейін.
- Кәсіби-психологиялық іріктеу немесе дене дайындығын тексеру нәтижесімен келіспейтін студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша өтінішпен (еркін нысанда) жүгінеді.
Өтініш бойынша іріктеу комиссиясының хаттамамен ресімделген шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.
- Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейінгі келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.