Миссия және негізгі қызмет бағыттары


 

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық үдерістер мен реформалардың талаптарына сәйкес 2000 жылы құрылды.

Абай Мырзахметов атындағы КУ жаңа үлгідегі жоғары оқу орны ретінде білікті ғылыми-педагогикалық әлеуетке, заманауи материалдық-техникалық базаға ие және мамандар даярлау барысында инновациялық технологияларды қолдануға бағытталған, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді.

Университеттің басты миссиясы – жаңғырту, корпоративтік мәдениетті дамыту және жүйелі әлеуметтік саясат арқылы бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау.

Жоғары оқу орнының негізгі міндеттері:

- білім алушыны (студентті немесе магистрантты) белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті маман әрі қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге бейімделген әлеуметтік белсенді тұлға ретінде қалыптастыру;

- мемлекеттік-патриоттық құндылықтарға бағдарланған, қоғам игілігі мен жеке игілігі үшін өз күш-қуаты мен әлеуетін жүзеге асыра алатын дербес тұлғаны қалыптастыру.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің негізгі қызмет бағыттары келесі міндеттерді іске асырумен байланысты:

·     еңбек нарығындағы заманауи білім сапасы талаптарына сәйкес келетін және қоғамның жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған білім беру қызметтерін ұсыну; Қазақстан Республикасының білім беру қызметтері нарығында жетекші орындардың бірін иеленуге ұмтылу;

·     білім алушыларда қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, жоғары мәдениетті, адам құқықтары мен бостандықтарына құрмет сезімін тәрбиелеу;

·     материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту, оқу-әдістемелік, ғылыми, қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру;

·     Сапа менеджменті жүйесі негізінде университет қызметін үздіксіз жетілдіру және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын тұтынушылардың талаптары мен үміттеріне барынша сәйкестендіру.

Профессор-оқытушылар құрамы бес факультеттегі 12 кафедраға біріктірілген. Университет құрамында келесі кафедралар жұмыс істейді:

  • халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс;
  • қаржы;
  • есеп және басқару;
  • құқықтану;
  • шетел тілдері және аударма ісі;
  • ақпараттық жүйелер және информатика;
  • экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  • дизайн және мәдени-демалыс жұмысы;
  • әлеуметтік-педагогикалық пәндер;
  • туризм, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт;
  • тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік пайдалану, кәсіби оқыту;
  • әскери кафедра.

Абай Мырзахметов атындағы университет 5 факультетте мемлекеттік және орыс тілдерінде бакалавриаттың 24 білім беру бағдарламасы, магистратураның 10 білім беру бағдарламасы, докторантураның 2 білім беру бағдарламасы және 7 әскери-есептік мамандық бойынша мамандар даярлайды.

Абай Мырзахметов атындағы КУ еліміздің солтүстік өңірінде алғашқылардың бірі болып ISO 9001:2000 халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізіп, Германияның «TUVCERT TUV Thüringen e.V.» компаниясының халықаралық сапа сертификатын алды.

Университет іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін Алтын медальмен марапатталған (Швейцария, Женева).

Білім берудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес халықаралық ұйымдарға мүшелік:

  • АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID);
  • Еуропа ректорлары клубы (Оксфорд, Ұлыбритания);
  • Magna Charta Universitatum (Болонья, 2010);
  • Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясы (IHEAS, МАНВШ);
  • Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD, ГФР);
  • Польша Республикасының «Перспектива» ректорлар қауымдастығы;
  • Германияның техникалық ынтымақтастық қоғамы (GTZ);
  • Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы (РАСХН, Мәскеу қ.);
  • Агрохимиктер мен агроэкологтар қауымдастығы (РФ, ҚР);
  • «АГРОХИМЭКОСОДРУЖЕСТВО» (Мәскеу қ., РФ);
  • Балалар қозғалысын зерттеушілердің халықаралық қауымдастығы (Мәскеу қ., РФ);
  • «Біріккен Ұлттар Ұйымының академиялық қауымдастықтармен өзара іс-қимылы» жаһандық серіктестігі (БҰҰ), 2015 ж.

2010 жылдың қыркүйегінде университет Қазақстанның 20 жоғары оқу орнының қатарында Италияда Университеттердің Ұлы Хартиясына – Болон декларациясына қол қойды. 2008 жылы Қазақстан ЖОО-ларының меморандумына (Тараз декларациясы) қол қойылды. 2011 жылдың қарашасында университет «Қазақстандағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету туралы» Шымкент декларациясына қол қойды.

  • 2010 жылы университет халықаралық стандарттарға сәйкес институционалдық ұлттық аккредиттеуден сәтті өтті.

· 2010 жылы университеттің Жас ғалымдар кеңесі «Қазақстан Республикасындағы үздік жас ғалымдар кеңесі» атанып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының ғылыми-зерттеу қызметіне арналған грантын иеленді.

· 2010 жылы университет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

· 2012 жылдан бастап әскери кафедра ашылып, 4 әскери-есептік мамандық бойынша даярлық жүргізілуде. Студенттер ҚР БҒМ мемлекеттік гранты негізінде (яғни тегін) білім алып, әскери билет пен запастағы лейтенант офицерлік атағын алады. Запастағы офицерлерді даярлау мерзімі – 2 жыл.

  • 2012 жылдан бастап университет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін ЖОО бітіруші курс студенттерінің ВОУД тестілеуіне табысты қатысып келеді. Қазақстанның 132 жоғары оқу орнының ішінде 2015 жылғы қорытынды бойынша университеттің орташа нәтижесі 93 балды құрады, бұл республика бойынша университеттің барлық бакалавриат мамандықтары бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.
  • 2013 жылы университет Қазақстандағы шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізбесін ресми статистика деректері бойынша рейтингтеу нәтижесінде «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификаты мен медаліне ие болып, «2013 жылғы сала көшбасшысы» құрметті атағын алды, сондай-ақ ірі кәсіпорындар арасында ЭҚЖЖ 85 бойынша ТОП-70 қатарына енді.
  • 2015 жылы университет Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) жоғары оқу орындарына арналған стандарттары бойынша Ұлттық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті.
  • Университет мемлекеттік және университеттік білім гранттары негізінде, сондай-ақ ақылы негізде күндізгі, сырттай, қысқартылған оқу нысандары бойынша және қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды жүзеге асырады.
  • Жоғары білікті мамандарды сапалы даярлау олардың еңбек нарығындағы жоғары сұранысымен дәлелденеді. Университет түлектерінің жыл сайынғы жұмысқа орналасу көрсеткіші 93%-ды құрайды.
  • Студенттер мен магистранттар мемлекеттік гранттар бойынша білім алады; Ақмола облысы әкімінің шәкіртақыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақыларын, Талғат Мұсабаев атындағы сыйлықтарды, Абай Мырзахметов атындағы шәкіртақыларды, Абай Мырзахметов атындағы КУ ректорының шәкіртақыларын иеленеді.
  • Жоғары оқу орны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес жеткілікті материалдық-техникалық, кітапханалық және ақпараттық ресурстарға ие:

- 7 оқу корпусы, оның ішінде жаңа типтік ғимарат, білім беру қызметіне қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жабдықталған.

- 45 оқу зертханасы, оның ішінде әскери кафедра курсанттарына арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген зертханалар; спорт залдары, медициналық пункттер және асханалар.

- Білім алушылардың қарамағында 7 оқу залы, оның ішінде 4 электрондық оқу залы, бай оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар; бір білім алушыға шаққандағы әдебиетпен қамтамасыз ету деңгейі кемінде 140 бірлікті құрайды; электрондық және магниттік тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету деңгейі 86%.

  • 2015 жылы 240 орындық жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.
  • 2021 жылдың қыркүйегінде 590 орынға арналған №2 Студенттер үйі пайдалануға берілді, онда студенттердің жайлы тұруына барлық жағдай жасалған. Ғимарат Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» үшінші бастамасы аясында салынды. Білім және ғылым министрлігі мен Студенттер альянсы жүргізген рейтинг қорытындысы бойынша біздің Студенттер үйі Қазақстан Республикасындағы үздік жатақханалардың қатарына енді. Қазіргі уақытта Ақмола облысында баламасы жоқ, спорттың 18 түрі бойынша халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға арналған Спорт кешені мен Студенттер сарайының құрылысы жүргізілуде.