Жаһандық әріптестік жөніндегі проректор
Исмаилова Диана Төлеубайқызы, DBA, PhD, профессор
«Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» – Қазақстанның білім беру жүйесінде жетекші орындардың бірін иеленетін қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Университеттің Times Higher Education (THE) және UI GreenMetric халықаралық рейтингтеріне енуі білім беру сапасының, ғылыми зерттеулердің және экологиялық жауапкершіліктің жоғары деңгейін дәлелдейді.
Бүгінгі таңда университеттің Венгрия, Литва, Түркия, Латвия, Қытай, Бразилия және басқа да елдерде орналасқан әлем бойынша 60-тан астам серіктес жоғары оқу орындары бар. Біздің студенттер жетекші шетелдік университеттерде білім алып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысуда. Бұл университеттің білім сапасын арттыруға және халықаралық байланыстарды дамытуға деген ұстанымын көрсетеді.
Сонымен қатар, университет екі халықаралық қауымдастыққа мүше болды: Азия университеттері қауымдастығы және Silk Road Universities Network. Бұл біздің жаһандану стратегиямызды жүзеге асыру мен серіктестік желілерін кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Мүмкіндіктер мен жетістіктер
-
Erasmus+ KA1 сияқты гранттық бағдарламалардағы жыл сайынғы жеңістер.
-
Серіктес жоғары оқу орындарының оқытушыларын дәріс оқуға шақыру.
-
OPEN Global Online Courses for English Teachers секілді халықаралық бағдарламаларға қатысу.
Біз студенттер, оқытушылар және зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, алға сенімді қадам басып келеміз. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – дәстүр мен инновация үйлесім тапқан, ал жергілікті жетістіктер әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігіне айналатын орын.