2014 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА "МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ-ИНДУСТРИЯҒА!" - "СЕРПІН"
Бағдарламаның мақсаты — еліміздің оңтүстік өңірінен (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды Қазақстанның шығысында, солтүстігінде және батысында кадр тапшылығы бар өңірлерге оқыту және жұмысқа орналастыру.
«Серпін-2050» бағдарламасы
- ҰБТ сертификаты негізінде қабылдау.
- ҰБТ: 5 пән (3 міндетті + 2 бейінді).
- Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3.
- Оқу сауаттылығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3.
- Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5.
- 1 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.
- 2 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН "СЕРПІН" ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
- Жұмыс мерзімі: жоба түлектері кемінде 2 жыл жұмыс істеуге міндетті.
- Жұмыс өңірлері: кадр тапшылығы бар өңірлерде жұмыс істеу.
- Жұмыс орны: мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялар немесе ЖК.
ЖҰМЫС ІСТЕУДЕН БОСАТУ
Арнайы комиссия келесі санаттарға қатысты шешім қабылдайды:
- Жұбайының тұратын немесе жұмыс істейтін жері бойынша бос жұмыс орындары болмаған жағдайда.
- I–II топтағы мүгедектер.
- Резидентура, магистратура немесе докторантурада оқуын жалғастыратындар.
- Жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған адамдар.
- Әскери қызмет өткергендер.
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар.
- I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар.