Бос жұмыс орындары

Мамандықтардың кеңеюіне байланысты А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ваканттық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: профессорлар (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәреженің, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі); қауымдастырылған профессорлар (доценттер) (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәреженің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі); аға оқытушылар (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе мамандық (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәреженің болуы); оқытушылар (конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болған жағдайда жоғары білім және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы) заң, экономика, педагогика, психология, тіл, техникалық және физика-математикалық (тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс, көлік эксплуатациясы, ақпараттық жүйелер, информатика), әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, өнертану (дизайн, мәдени-демалыс қызметі) пәндері бойынша, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша.

Еңбекақы

Еңбекақы жоғары. Басқа қаладан келген докторларға, ғылым кандидаттарына, PhD докторларына қызметтік пәтер беріледі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі

Конкурсқа қатысуға өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей (26.07.2025 жылдан 24.08.2025 жылға дейін) келесі мекенжай бойынша қабылданады: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ауэзов көшесі, 189 А., 206 каб.

Байланыс

Анықтама телефондары: 25-42-59, 8-707-423-42-72