Ғылым айлығы аясында 2024 жылғы 9 сәуірде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Қаржы, есеп және басқару" кафедрасы Ростов облысы Дон мемлекеттік техникалық университетінің қызмет көрсету және кәсіпкерлік институтымен (филиалы) (Шахта қ., Ресей) бірлесіп "ҚР және РФ ақша-несие саясатының тиімділігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда екі жақтың өкілдері сөз сөйледі. Ғылыми алмасу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
Өміржан С. М., А. Мырзахметов атындағы КУ "Қаржы, есеп және басқару" кафедрасының менеджмент магистрі